$ 494.87  520.65  4.91

Сайрам ауданы: Аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы артады

2025 жылға дейін аудан тұрғындары табиғи газбен 100 пайыз, яғни 45 676 аудан тұрғыны қамтамасыз етілмек. Бұл жоспар кезең-кезеңімен іске асатын болалды.

«Nur Otan» партиясының Сайрам аудандық сайлауалды штабының мүшелері Нұрлан Қылышбеков, Мұрат Есалиев пен Қуаныш Сыздықов Жібек жолы ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.


 
Партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттауға, Жібек жолы ауылы тұрғындарымен пікір алмасу, оларды мазалаған өзекті мәселелермен танысуға бағытталған кездесуді штаб мүшесі Н.Қылышбеков ашып, жүргізіп отырды.

Кездесуде алдымен сөз алған М.Есалиев: Сайрам ауданы бойынша партиямыздың сайлауалды бағдарламасы 7 бағыттан тұрады. Олардың барлығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттруға, ауылдардың инфрақұлымыны жақсартуға, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуға, тұрғындарды жұмыспен қамту және жастарды шығармышылық тұрғыдан қолдауға, сондай-ақ білім мен медицина сапасын арттыруға бағытталып отыр. 

Мәселен, әлеуметтік бағдарланған аудан бағдарламасы негізінде Медицина сапасын көтеру мен қолжетімділігін арттыру көзделіп отыр. Короновирус пандемиясы бұл саладағы біздің осал тұстарымызды анықтап берді. Партиямыздың ендігі мақсат сол проблемаларды шеше отырып саланы дамыту. Ол үшін: Сайрам аудандық орталық ауруханасын қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету, мамандар тапшылығын шешу, IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына санитарлық көліктер сатып алуға, жыл сайын 230 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға, жыл сайын 70 мыңнан астам адам скринингтен өтуге уақтылы өткізуге, Қарасу ауыл округі Жаңатұрмыс ауылына 1 медициналық пунктің құрылысына,  2022 жылы аудан орталығы Ақсу ауылында ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емхананың құрылысына, 2023 жылы қуаттылығы 100-150 адам қабылдайтын бастапқы медициналық – санитарлық көмек көрсету бойынша 2 орталықтың құрылысына, 2024 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысына ықпал ету жоспарланып отыр. Аталған саланы қолдау нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы 72,8 жасқа артады деп күтілуде, - деді.

Ал, Қ.Сыздықов бағдарламадағы кәсіпкерлік саласын қолдауға, ауылдарды табиғи газбен қамту, сапалы жол мәселелерін шешуге бағытталған тұстарын тілге тиек етті.

- 2025 жылға дейін аудан тұрғындары табиғи газбен 100 пайыз, яғни 45 676 аудан тұрғыны қамтамасыз етілмек. Бұл жоспар кезең-кезеңімен іске асатын болалды. Ал, сапалы жол мәселесіне келсек, 2025 жылға жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарын 60,5 пайыздан 90,7 пайызға жеткізу көзделіп отыр, - деді ол.

Кездесу соңында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін жеткізе отырып, «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын айтты. 

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау #Nur Otan