$ 446.49  475.38  4.79

САЙРАМ АУДАНЫ: 2025 жылға дейін елді мекендер 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады

Сонымен қатар, тұрғындардың сауалдарына жауап берді, талап-тілектерін тыңдады.

Аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Сайдахмад Мирзаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға насихаттау, олардың мәселесімен танысу мақсатында көлкенттіктермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында С.Мирзаев: Сайлауалды бағдарламасы аясында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық саласын дамыту, елдімекендерді 100 пайыз табиғи газбен, ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылық саласын қолдау бойынша Қайнарбұлақ, Көлкент елді мекендері қарқынды бау көлемін 650 гектарға жеткізу, Көлкент ауылында 30 га жерге қарқынды бау егу жоспарда.

Ал, табиғи газ мәселесі бойынша 23 ауылдың тұрғындарын табиғи газбен толық қамтамасыз етуге, оның ішінде: 1-ші кезеңде 633,5 шақырым газ құбырлары жүргізілген 18 елді мекенді (Қасымбек датқа, Нұржанқорған, Қожақорған, Ханқорған, Қосбұлақ, Әсіларық, Шіркін, Шапырашты, Ошақты, Құрлық, Оразалиев, Теспе, Тоған, Таскешу, Сарыарық, Жаңатұрмыс, Ақсуабад, Береке) №20 АГРС-ке қосып, көгілдір отынмен қамтуға, 2-ші кезеңде 5 елді мекенге (Көлкент, Құтарыс, Қызылжар, Ақарыс, Оймауыт) ұзындығы 166,8 шақырым газ құбырын салуға ықпал ететін болады, - деді ол.

Сонымен қатар, тұрғындардың сауалдарына жауап берді, талап-тілектерін тыңдады.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау