Желтоқсанның 21 күні "Nur Otan" партиясының сайлауалды штаб мүшелері Талды ауылдық бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады.
Кездесу барысында Панфилов аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Досмаилов Қанат пен штаб жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекұлы жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді маңызды мәселелерді талқылады.
"Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының көрсеткіші. Біз денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз,"-деген партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Қ.Досмаилов партия бағдарламасындағы негізгі басымдықтар партияның алға қойған басты мақсаты екендігін айтты.
Сондай-ақ партиялықтардың айтуынша, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселелер «Nur Otan»-ның сайлауалды уәделерінде көрініс тапқандығын ерекше атап өтті.
Шара барысында бастауыш партия ұйымымен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары пысықталып, өзекті сұрақтарға жауап берді.
Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы) Сайлау қорының қаражатынан төленді.