Қазақстанның басым аумағында жұмада ауа-райы тұрақсыз болады, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тек батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, Шығыс Қазақстан облысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау, Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады деп күтілуде.