$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменде жарты миллиард шығындалған өзен маңайы ми батпаққа айналған

Өскеменде осыдан төрт жыл бұрын абаттандырылуына 600 млн. теңге бөлінген өзен маңайы бүгінде ми батпаққа айналған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Осыдан төрт жыл бұрын жергілікті билік шахар ортасындағы өзен маңайын абаттандыру жобасын дүйім жұртқа таныстырған болатын. Жұмсалады деп жоспарланған қаржысы да аз емес. 600 млн. теңгеге жуық. Бірақ, бұл жоба сол күйі аяқсыз қалған. Бөлінген ақшаны ұқсата алмаған шенеуніктер енді тағы қазынаға қарап, алақан жайып отыр.

Бұл өзеннің аты Поганка. Батпақтың қолқаны қабатын иісінен жұрт оны осылай деп атап кеткен. Бірнеше жыл бұрын шенеуніктер өзенді абаттандыруды қолға алған болатын. Астына бетон төгіп, жағалауын қамыстан тазартты. Бірақ, бастаған істерін аяғына жеткізген жоқ.

Бір кездері бұл жерде мөп-мөлдір су ағып, қаланың ең көрікті жеріне айналады деп уәде берген шенеуніктер бөлінген 300 млн теңгені жұмсап қойып, енді тағы да қаржы керек деп ауыз ашып отыр. Қазір бұл жерде шалшық судан шыққан иістен қыдыру түгілі, тыныстау мүмкін емес.

Дәл осы өзеннің үстінен өтетін көпірдің асты егеуқұйрықтардың мекені болып кетті қазір. Үлкендігі кішігірім қояндай болатын кеміргіштер енді өткен-кеткеннің жүрегін ұшыратын болған. Олармен бірге Поганканың маңайы қаңғыбастардың сүйікті орнына айналып барады. Жобаны бастап, аяқтай алмай отырған жергілікті биліктегілер Үкіметтен тағы 300 млн теңге сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары