$ 494.87  520.65  4.91

САЙРАМ АУДАНЫ: Бұқаралық спортты дамыту «Nur Otan» партиясының жоспарында

Партия алдағы 5 жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.

Аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерлері Зухра Баратова және Қуаныш Алтынбеков Қарасу ауылындағы №4 спорт клубынада болып, сайлаушылармен кездесті. 

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» тақырыбында «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Партия мүшелері сайлаушылармен еркін форматтағы кездесу аясында сөз сөйлеп, партия тарапынан атқарылып келе жатқан ілкімді істер жайлы және де алдағы уақыт еншісіндегі байырқалы бастамалары туралы баяндады.

- 2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет көрсетіп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салады, – деді З.Баратова.

Өз кезегінде, Қ.Алтынбеков сайлауалды бағдарламадағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарламаларға тоқталды.

- Партия алдағы 5 жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. 

«Nur Otan» партиясы 2025 жылға ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 32,0 пайыздан 42,0 пайызға жеткізуді көздейді. 

Ол үшін: 2021-2022 жылдары Қарасу, Қарабұлақ, Қарамұрт, Манкент елдімекеніне спорт кешені мен спорт алаңщаоының құрылысына, 2022-2023 жылдары Әйтеке би, Ақарыс, Ақбұлақ елді мекеніне кіші спорт кешені мен спорт алаңының құрылысына, 2023-2024 жылдары Қарабұлақ ауылынан спорт кешенінің құрылысына, 2024-2025 жылдары барлық ауыл округтерінде «Street Workaut» ашық спорт алаңшаларын орнатуға, жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарланып отыр.

Нәтижесінде, денешынықтыру және спортпен шұғылданытын азаматтардың үлесі 2025 жылға қарай 42,0 пайызға артады деп күтілуде, - деді ол өз сөзінде.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары