$ 448.56  478.03  4.79

Жетекші партия шалғайдағы ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етеді

Еліміздегі жетекші партияның   ықпалымен облыс аумағындағы 119 елді мекен сапалы ауызсумен, 107 ауыл газбен қамтылады.

Шалғайдағы Мойынқұмда «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы арқылы бірқатар өзекті мәселелер шешімін таппақ. Көп жылдан бері ауыз су мәселесі жанына батқан мойынқұмдықтардың сапалы тіршілік нәрін тұтынар күні қашық емес.  «Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қ. Жетібаев және Мойынқұм аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар А. Қалыбаева, А. Омарованың Қылышбай ауылында өткізген «Есіктен– есікке!» акциясы кезінде сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын түсіндіріп, ондағы кейбір мәселелердің аудан тұрғындарын ұзақ уақыттан бері толғаныдырып келе жатқанын да айтты.

– Партияның сайлауалды бағдарламасында елді мекендерге баратын жолдардың сапасын жақсартуға, таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтамасыз етуге, инженерлік-инфрақұрылымдарды жетілдіруге айрықшабасымдық береді. 2025 жылға дейін ұзындығы 1 200 шақырымды құрайтын әртүрлі маңыздағы  автомобиль жолы қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстарынан өтеді. Сонымен бірге еліміздегі жетекші партияның   ықпалымен облыс аумағындағы 119 елді мекен сапалы ауызсумен, 107 ауыл газбен қамтылады. Оның ішінде 85 ауылға жылпы ұзындығы 862 шақырым болатын ауыз су құбыры  тартылады.  Мұнан бөлек 36 ауылғаауыз су тазарту ұңғымасы орнатылады. Нәтижесінде 200 мыңнан астам жамбылдық көптен күткен көгілдір отын мен сапалы ауыз суға қосылуға мүмкіндік алады., - деді кандидат Қайрат Жетібаев.

Кездесулерде шалғайдағы Мойынқұм ауданы үшін өзекті саналатын әлеуметтік маңызға ие салаларды кадрмен қамтамасыз ету жайы да сөз болып, оның да шешімі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында табылатындығы айтылды. 

Аталған бағдарламаға сай партяи жыл сайын 5 мың жасты жұмысқа орналастыруға ықпал етеді. Жұмыспен қамтылушы жастардың негізгі бөлігі «Дипломмен – ауылға!»  мемлекеттік бағдарламасының игілігін көреді. Дәл осы бағдарламаның көмегімен  1,2 мыңнан астам жас ауылдардағы маман тапшылығын жоюға аттанбақ. 

Мойынқұм ауданының Қылышбай ауылында «Есіктен– есікке!» акциясы аясында өткен кездесулердің барлығында мойынқұмдықтар жоғары да айтылған мәселелерді шешудегі «Nur Otan» партиясының шешуші рөлге ие екендігін қуаттап, партияға қолдауға білдіруге дайын екендіктерін айтып жатты. 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары