$ 444.22  476.38  4.82

Есірткі саудасына қатысы бар 38 сайт бұғатталды

Соңғы жылдары психотропты заттар мен синтетикалық есірткілерді интернет-сайттар және "Qiwi-кошелек" арқылы сату үрдісі байқалады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Атырау полицейлері есірткі саудасына қатысы бар 38 сайтты бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заманауи технологиялардың дамуына байланысты қылмыстық элементтер пайда табу үшін интернет желісін және басқа да байланыс түрлерін белсенді түрде қолданады. 

"Мысалы, соңғы жылдары психотропты заттар мен синтетикалық есірткілерді интернет-сайттар және "Qiwi-кошелек" арқылы сату үрдісі байқалады. Қылмыстың осы түрінің жолын кесу мақсатында есірткі сатушылар қолданған 38 сайт бұғатталды", – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев. 

Жалпы, жыл басынан бері Атырау облысында 120 есірткі қылмысы тіркеліп, заңсыз айналымнан 22 келіден астам есірткі тәркіленді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары