$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбе облысында 22 шетелдік азамат депортацияланған

Эпидемиологтар шекарадан өтетін адамдарға тәулік бойы термометрия мен сауалнама жүргізіп, ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтамалардың болуын тексереді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында ПТР анықтамасыз келген 22 шетелдік азамат депортацияланған. Бұл ақпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналында жарияланды.

Пандемия басталғаннан бері Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы "Жайсаң", Қарғалы ауданы "Әлімбет" санитарлық-карантиндік пункттерінде санитарлық бақылау тәулік бойы жүргізіледі.

Эпидемиологтар шекарадан өтетін адамдарға тәулік бойы термометрия мен сауалнама жүргізіп, ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтамалардың болуын тексереді.

Үстіміздегі жылдың 6-қазанынан бастап 25-желтоқсан аралығында "Жайсаң" және "Әлімбет" СКП Мемлекеттік шекарасы арқылы барлығы 48 778 адам өтті, оның ішінде анықтамасы жоқ 4 131 адам карантиндік стационарға жатқызылды, оның ішінде Ресей Федерациясынан келген 47 адамнан COVID-19 анықталды. 

 Қазақстан Республикасына анықтамасыз келген Ресей Федерациясының 22 азаматы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес ел аумағына жіберілмеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары