$ 447.4  477.55  4.76

Covid-19: Қазақстанда тағы үш облыс «қызыл аймаққа» енді

Қазіргі уақытта елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 150 951-ге жетіп отыр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елімізде коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК өзінің ресми Telegram-арнасында 2020 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, "қызыл" аймақта Атырау облысы әлі де бар. Сонымен қатар, бүгін бұл тізімге Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары да кірді. "Сары" аймақта: Нұрсұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облысы. Еліміздің қалған өңірлері "жасыл" аймақта. 

Айта кетерлігі, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 753 адам тіркелген. 

Осылайша, қазіргі уақытта елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 150 951-ге жетіп отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары