$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордада Сабалақ, Эдельвейс, Орбита саяжайларына көгілдір отын жеткізіледі

Саяхат, Сәулет, Рисмаш, КБИ, Әл-Фараби, Сабалақ аудандарында ұзындығы 213,2 км инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу да күн тәртібінде тұр.

Бүгінде қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы халықты сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін оңтайландырмақ.  

Саяхат, Сәулет, Рисмаш, КБИ, Әл-Фараби, Сабалақ аудандарында ұзындығы 213,2 км инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу да күн тәртібінде тұр.

Ал алдағы бес жыл шеңберінде партия Махамбетов және Наурыз ауылында 110,4 км газбен жабдықтау желілерін салып, Сабалақ, Эдельвейс, Орбита саяжайларын газдандыру жұмыстарын жүргізбек. Бұл туралы «Nur Otan»  партиясы атынан  ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Ғалым Әміреев пен  облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бақдәулет Махашов және қалалық маслихат депутаттығына үміткер Жанат Камитбекова «Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшыларымен өткен кездесу барысында айтты.

Басқосуда үміткерлер кәсіпорын жұмысымен танысып, кәсіпорын еңбеккерлерінің ұсыныс-тілектерін тыңдады. Әрі сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Еркін пікір, ашық әңгіме арысында сөз алған мекеме директорының орынбасары Ғабит Оспанов пен мекеменің экономика бөлімінің басшысы Маржан Шонаева жұмысшыларды толғандырған тұрғын үй мәселесін шешуді сұрады. Және мекеме мамандарының  жұмыс барысында қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі, қоқыс тарифін көтеру сынды мәселелерді қозғады.

– Партия қоршаған ортаны жақсарту мақсатында қолайлы жағдайлар жасамақ. Бұл мақсатта  қаланы көгалдандыру үшін  жыл сайын кемінде 4 мың тал егу жоспарланып отыр. 2021 жылы «Қызылорда қаласының канализациялық сорғы станцияларын реконструкциялау және жаңарту» жобасын жүзеге асырады. Әрі қаладағы тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешені полигонының құрылысына ықпал етпек. Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесі 44%-дан 48%-ға арттады, – деді үміткер Бақдәулет Махашов.

Айта кетейік, алдағы бес жылда «Nur Otan» партиясы 1 175 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға үлес қосады. Олардың қатарында қуаттылығы жылына 300 мың тонна жоғары қысымды шыныталшықты пластикалық және сорап-компрессор құбыр өндіретін зауытының құрылысы да бар. Сонымен қатар, партия 28,2 мың жаңа жұмыс орындарын құрып, жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға төмендетуге ниетті. Әрі 130,1 км қала көшелерін жөндеу жұмыстарын қолға алып, 4 140 пәтерлі 92 көпқабатты тұрғын үй, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға, жас отбасыларға, бюджет саласының қызметкерлеріне 1840 пәтердің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Жүздесу соңында кәсіпорын жұмысшылары  «Nur Otan» партиясының бастамаларына қолдау көрсетіп, сайлау науқанында партияға дауыс беретіндіктерін жеткізді. 

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қоры  қаражаты есебінен төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары