$ 498.55  524.28  4.75

Қорғаныс министрлігі Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуыл жасалмағанын айтты

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Алматыдағы террорлық оқиғалардың барысында Қапшағайдағы әскери бөлімге шабуылдың жасалмағанын ресми хабарлады. Бұған дейін WhatsApp желісі арқылы бірнеше маңызды нысанға, соның ішінде әскери базаға да содырлар тарапынан қарулы шабуылдың жасалғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Алматы қаласында террористік қауіптің "қызыл" деңгейі енгізілгеннен кейін еліміздегі барлық әскери бөлімдер күшейтілген қызметке көшкен. Сонымен қатар, қару сақтау базаларында да күзет күшейтілген режимге ауысты.

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласындағы полиция бөлімшесіне белгісіз адамдар қарулы шабуыл жасап, салдарынан екі тәртіп сақшысы қаза тапты. Жараланғандар саны көп дейді жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары