$ 448.15  483.46  4.86

Ардагерлермен кездесті

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен талқыланып, нақты жұмыс жоспары пысықталды.

Желтоқсанның 28 күні Панфилов аудандық партия филиалында "Ардагерлер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы Панфилов аудандық филиалының төрағасы Нұриахмет Нұрбекұлымен штаб мүшелері кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен талқыланып, нақты жұмыс жоспары пысықталды. Бүгінгі күнге дейінгі партия үгіт-насихат жұмыстарының орындалу барысы да айтылды.

Аудандық "Ардагерлер ұйымы" аудандық филиалының төрағасы Нұриахмет Нұрбекұлы: "Nur Otan" партиясы үгіт жұмыстарын белсенді жүргізуде",-деп штаб жұмысына оң баға берді. Ал Панфилов аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Қанат Нұркешұлы ардагерлердің партияның кездесулерінде маңызды орны бар екендігін атап өтті.

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы) Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау