$ 444.32  473.33  4.76

29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі және жаяу бұрқасын күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялайды.

Атлантикалық циклонның әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында қар жауады. Қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі және жаяу бұрқасын күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман, жаяу бұрқасын, түнде 15-20 м/с жел соғады. 

Қостанай, Ақмола, күндіз Павлодар облыстарында – кей жерде жаяу бұрқасын, 15-20 м/с желдің күшейюі күтіледі. 

Алматы облысында кей жерде тұман, Жалаңашкөл аймағында 17-22 м/с желдің күшейюі күтіледі. 

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында кей жерде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с, Жарма аймағында екпіні 23 м/с күтіледі. 

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман күтіледі. Алматы облысында түнде қатты аяз күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
Ардагерлермен кездесті
Келесі жаңалық
СІМ мәлімдеме жасады