$ 439.43  473.31  4.82

Түркияда 100-ден астам генерал қамауға алынды

Түркияда мемлекетті күшпен басып алмақ болды деген айыппен барлығы 103 генерал мен адмирал қамауға алынды. Бұл жайында бүгін Yahoo! News жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жоғары шенді офицерлер бүкіл ел аумағында жүргізілген арнайы операция кезінде қолға түскен. Қазіргі таңда оларды қанша уақыт қамауда ұстау мәселесі қаралып жатыр.

Жалпы, Түркия билігі кешегі оқиғадан кейін 6 мыңнан астам адамды тұтқындады. Реджеп Тайып Ердоғанды тақтан құлатпақ болған топпен байланысы бар деген айыппен 8 мың полицей жұмыстан қуылыпты. Президенттің өзі болса төңкерісті АҚШ-та тұрып жатқан діндар Фетхулла Гүлен ұйымдастырған деп мәлімдеуде.

Ал, Еуроодақ болса Түркия билігін репрессия жүргізуде деп айыптап отыр. Мәселенің түбіне жетпей жұртты қуғынға салуды еуропалық елдердің басшылары осылай бағалауда.

Естеріңізге салайық, 15 шілде күні Стамбұл мен Анкарада ауыр артиллериямен қаруланған әскерилер маңызды нысандарды шабуылдады. Салдарынан 290 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары