Бүгін Жамбыл облысы Меркі ауданы «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Майра Сексенбаева, Ренат Ақпанбетов пен Болат Қыстауовтар «Жастар» ресурстық орталығында жастармен, жас кәсіпкерлермен кездесті.
Кездесуде мемлекеттік қолдаулар арқылы несие, грант алу мәселелері, қайтарымсыз грант алу мәселелері талқыланды. Былтырғы жылы Меркі ауданында 510 жас қайтарымсыз грант алса, биылғы жылы 896 жас 550 мың грант алған. Сонымен қатар, жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін ашқан азаматтар да күн санап артуда.
Бұдан соң аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бахадыр Хасанбаев , Шерхан Баубеков, Күлайым Шағатаевлар Ақарал ауылдық округі, Сыпатай батыр ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесті.
Кездесуде Байрам Бадалов, Рамазан Дюргалов пен Ардақ Оразбаевтың үйлерінде болды. Партияның алдағы жоспарлары мен атқарған игі істері туралы сөз қозғады. Алдағы келе жатқан сайлауда белсенділік танытып, халыққа жанашыр «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Материал ақысы "Nur Otan" партиясының Меркі аудандық сайлауалды штабының қаражатынан төленді