Түркістан облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер Бекжан Айткулов «Манкент Санаторий» ЖШС шипажайының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде «Nur Оtan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, медицина қызметкерлерінің талап-тілектері тыңдалып, пікір алмасты.
Кездесу барысында көшбасшы партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үнпарақтар таратты. Сондай-ақ алдағы бесжылдықта халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізді. Және де осы бағыттарда көптеген жобалар жасақталып, партия уәдесінің орындалуына ықпал етілетінін айтып өтті. Сонымен қатар Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында 2021-2025 жылдарға арналған медицина саласында атқарылатын жоспарлармен таныстырды.
-Биылғы жыл барша әлем халқына оңай соқпады. Пандемия дүниені дүр сілкіндіріп, өмірге басқаша қарауды үйретті. Сондықтан бағдарлама аясында медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділікті арттыру жоспарланып отыр.
Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Сайрам аудандық орталық ауруханасын қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге, IV санаттағы жедел жәрдем бригадасына 5 санитарлық автокөліктер сатып алуға, жыл сайын 230 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыруға, тұрғындарды (жыл сайын 70 мыңнан астам адам) скринингтен уақтылы өткізуге, Қарасу ауылдық округі, Жаңақұрылыс ауылындағы 2021 жылы 1 медициналық пункттің құрылысына ықпал ету жоспарланған.
Сондай-ақ, 2022 жылы аудан орталығы Ақсу ауылында ауысымында 250 адам қабылдайтын аудандық емхананың құрылысына, 2023 жылы қуаттылығы 100-150 адам қабылдайтын бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша 2 орталықтың (Қарасу, Манкент ауылдары) құрылысына, 2023 жылы аудан орталығында (Ақсу ауылы) 50 жатын орындық жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына, 2024 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның (Аққала, Ақбастау елді мекендері ) құрылысына, 2025 жылы 50 адам қабылдайтын 2 дәрігерлік амбулаторияның (Әсіларық, Ақбай елді мекендері) құрылысына ықпал ету көзделіп отыр.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясына қарсы санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды ұйымдастыруға және денсаулық сақтау мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен, жеке қорғаныс құралдарымен, дезинфекциялық және залалсыздандыру ерітінділерімен толық қамтамасыз етуге қолдау білдіретін болады, - деді олар.
Кездесу соңында, аурухана қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Медицина қызметкерлерін қуантқаны 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі.
Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.