Аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерлер Азамат Усюпбеков Бейбит Тынымбаев, Нұрлан Сарыбеков, және Әліби Нышанбаев Қайнарбұлақ ауылдық округіне барып тұрғындармен кездесіп «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындарды үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп «Nur Otan»ға дауыс беруге шақырды.
Акция аясында жиналған тұрғындарға «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді.
Сонымен қатар бағдарламамен таныстырып алдағы жоспарлармен бөлістік, тұрғындар арасынан ұсыныс тасталып көкейге түйіндеп қайтты.
"Партиямыздың бағдарламасы тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Оның ішінде елдімекендерді ауыз сумен, табиғи газбен 100 пайыз қамту, сапалы жол мәселесін шешу, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау көзделген.
Мәселен, 2025 жылы Манкент, Қайнарбұлақ ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 83,4 шақырымдық жолдарды орташа жөндеуге ықпал етеді. Манкент, Қарамұрт, Қайнарбұлақ, Қарабұлақ ауылдық округтерінде 100 бастан жоғары 10 бірлік мал бордақылау алаңын салуға, Қайнарбұлақ, Көлкент елді мекендеріқарқынды бау көлемін 650 гектарға жеткізуге ықпал ететін боламыз" дегенді жеткізді.
Сондай-ақ, алдағы жылы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.