«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіқадыров Алмас Әбдірахманұлы мен Сайрам аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкерлікті, құрылыс және коммуналдық саланы дамыту жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Жамалбеков Байсейіт Жолдасбекұлының қатысуымен Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесу болып өтті.
Кездесуде үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында болып өтетін саяси науқанға белсенді атсалысуға шақырып, партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша Сайрам ауданын дамытудың 7 басымдық берген бағытын баяндап, толыққанды түсіндірді. "Білім сапасын арттыру", "Жайлы аудан", "Жастарға арналған аудан" басымдықтары негізінде колледж ұжымдары тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды, мәселелер төркініне қатысты ойларын білдірді.
Ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан "Nur Otan" нақты нәтиженің, ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білгені шындық. Олай болса, Сіздердің тарапыңыздан тек дұрыс таңдау жасап, ел болашағының жарқын болуына өз үлестеріңізді қосуды сұранамыз.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.