$ 447.4  477.55  4.76

3 қаңтарда үш өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік пен батыста жел күшейіп, боран соғады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстан аумағының көп бөлігі бұрынғысынша солтүстік антициклонның әсеріне ұшырайды. Осыған байланысты 3 қаңтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі,  деп хабарлайды Stan.kz.

Тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік пен батыста жел күшейіп, боран соғады.

Қызылорда облысында 3 қаңтар күні таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда қаласында 3 қаңтар күні таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оралда 3 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында да 3 қаңтарда тұман түседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы