Коронавирус пневмониясынан тағы 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
«01.01.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 16 адам емделіп шықты» делінген хабарламада. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45946, 508 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33251 жетті.