$ 446.49  475.38  4.79

«Президенттің мақаласы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының өте орынды әрі мағыналы бастамасы болды» - Әсел Назарбетова

Оған қоса, ол Мемлекет басшысы басты назарды алдағы төртінші онжылдықтың жүктейтін міндетіне, яғни қуатты елдің иесі және кемел халық болуға аударғанын, бұл, өз кезегінде жеке азаматтардан және билік өкілдерінен асқан жауапкершілік пен Отанға шексіз сүйіспеншілік сезімін талап еткенін атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына қатысты пікірімен бөлісті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Жаңа жылдың алғашқы күндері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы еліміз үшін қастерлі және мерейлі белес Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының өте орынды әрі мағыналы бастамасы болды. 
Мақалада Мемлекет басшысы «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдарға мемлекеттің тізгінін ұстаған басшы ретінде жауап бере отырып, Қазақстанның әрбір азаматына ой тастауы тиіс терең тұжырымдарымен, тың идеяларымен, нақты ұсыныстарымен бөліскен. 
Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы толы жылдары шартты түрде үш онжылдыққа бөліне отырып қарастырылып, 30 жылғы елдің бірлігі арқасында жеткен жетістіктері мен толағай табыстары, соның ішінде ішкі және сыртқы саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы атқарылған ауқымды істер мен кешенді жобалар, әлемдік саясатқа қосқан үлесі мен халықаралық алаңда алар нық орны түгенделген", - деді ол.

Оған қоса, ол Мемлекет басшысы басты назарды алдағы төртінші онжылдықтың жүктейтін міндетіне, яғни қуатты елдің иесі және кемел халық болуға аударғанын, бұл, өз кезегінде жеке азаматтардан және билік өкілдерінен асқан жауапкершілік пен Отанға шексіз сүйіспеншілік сезімін талап еткенін атап өтті.

"ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев «Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз» дей келе, оған жетудің басты көрсеткіштері – тұрғындардың тұрмысын жақсарту, азаматтардың экономикалық өсімнің игілігін сезінуін қамтамасыз ету, барлық азаматтардың мүддесін тең қорғау екендігін ескертеді.   
Мемлекет басшысы мақаласын «Барша отандастарыма, әсіресе, жастарға айтарым: кең байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін» деген тебірентерлік, жүрекжарды сөзімен қорытындылауы ерекше әсерлі болған. Осы орайда, «Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді» - деген астарлы ой терең мағыналы және жүгі ауыр ұстаным", - деді Әсел Назарбетова.

Пікірінде ол кең байтақ даламызды ұрпаққа аманаттаған бабаларымыздың "аманатына қиянат жасамау" керектігін ескертті.

Осы орайда Президентінің мақаласында белгіленген тәуелсіздіктің үш құндылығын – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз екендігін әрбір қазақстандықтың түйсігіне қондыру, санасына сіңдіру және өмірлік ұстанымына айналдыру керектігін айқындап берді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары