28 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 57 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда:
Атырау облысында - 18;
Алматы қаласы - 9;
Павлодар облысында - 7;
Батыс Қазақстан облысында - 5;
Шығыс Қазақстан облысында - 5;
Алматы облысында - 2;
Қостанай облысында - 2;
Қарағанды облысында - 2;
Нұр-Сұлтан қаласында - 2;
Шымкент қаласында - 2;
Ақмола облысында - 1;
Ақтөбе облысында - 1;
Түркістан облысында - 1.
Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 8 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақтар бойынша 7 қаңтардағы бағалау матрицасы өзгеріссіз қалды. Кеше Атырау облысы Атырау облысы «қызыл» аймақтан шыққан еді. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған бірде-бір өңір жоқ.
«Сары» аймаққа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен қатар Батыс Қазақстан кірді. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.