Қазақстанның бес облысында боран салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.
9 қаңтарда күндіз Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
9 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Оралда да тұман, көктайғақ, бұрқасын болжануда.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
9 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Петропавлда 9 қаңтарда күндіз боран соғып, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.
9 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %
Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде екінші деңгейдегі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар 9 қаңтардың кешіне дейін сақталады.