$ 498.51  522.84  4.81

Өзбекстан халқы 32 миллионға жуықтады

Өзбекстан Республикасының халқы 2016 жылдың 1 шілдесінде 31,807 млн болды. Тұрғындар саны жыл басынан бері 231,7 мың адамға немесе 0,7 пайызға көбейді. Бұл туралы СА-News агенттігі Өзбекстанның статистика жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Елдегі қала тұрғындарының саны 16,11 млн болса (халықтың 50,6 пайызы), ауыл тұрғындары - 15 миллион (49,4 пайыз).

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 318 мың бала дүниеге келген.

Биылғы жарты жылда 92,4 мың неке тіркелсе, 14,8 мың жұп ажырасқан.

2016 жылдың алғашқы жартысында республикаға 72 мың адам көшіп келсе, 84,4 мыңы елден көшіп кеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары