$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да мәслихат депутаты парамен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты пара берді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті хабарлады деп жазады Tengrinews.kz.

Депутат А.Сопбеков "Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің" директоры болған. Аталған департамент қызметкерлері оны пара беріп жатқан жерінен қолға түсіріпті.

"Белгілі болғандай, Сопбеков колледждегі қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы А.Бекболатұлы арқылы ОҚО Білім басқармасындағы лауазымды тұлғаға 3 миллион теңге көлемінде пара берген. Ол үшін шенеунік білім ордасына мемлекеттік грант алып беруі тиіс болған", - делінген аталған хабарламада.

Ұсталған күдіктілердің барлығы бүгінде қамауға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары