$ 444.32  473.33  4.76

Шахтинскідегі кафелердің бірінде атыс болып, үш адам ауруханаға түсті

28 жастағы күдікті ұсталды.
Фото: azattyg. ruhy
Фото: azattyg. ruhy

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы кафелердің бірінде жанжал шығып, соңы оқ атуға дейін ұласқан. Атыс салдарынан үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.  

Қарағанды облысы полиция департаментіндегілер бұл оқиғаның 24 қаңтарда болғанын хабарлады.

«Кафелердің бірінде жанжал шығып, нәтижесінде 33-53 жас аралығындағы үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні ұстады, ол травматикалық қару пайдаланғанын мойындады», - деп хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары