$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да пісте ұрлаған 4 азамат үш жылға сотталды

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында күнбағыстың элиталық тұқымын ұрлаған төрт азаматқа сот үкімі шықты деп хабарлайды YK-news.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушіге келтірілген шығын 3 миллион теңгеге бағаланып отыр. Ұрланған күнбағыстың нарықтағы құны осыншама қаражатты құрайтын көрінеді. Осыған орай, судья айыпты төрт азаматтың әрқайсысын 3 жылға бас бостандығынан шартты түрде айырды.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, айыпты төрт азамат түнгі уақытта шаруа қожалығының дақылдар сақталған қоймасына түсіп, күнбағыс тұқымының 102 қабын көтеріп алып шыққан. Кейінірек анықталғандай, қолды болған элиталық ұрықтардың жалпы құны 3 миллион теңге тұрады екен.

Ұры атанған төрт азамат жәбірленушіге келтірілген шығынды сотқа дейін өтеп тастапты. Осыған байланысты, аудандық сот оларға тек шартты жаза тағайындап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары