$ 498.34  519.72  4.85

Мексикада соңғы 2 аптада үшінші мэр өлтірілді

Мексикада тағы бір қала басшысы өлтірілді. Бұл туралы 2 тамыз күні Excelsior басылымы хабарлады.

Журналистердің айтуынша, Уэуэтлан қаласының мэрі Хосе Сантамария Саваланы сол өзі басқаратын қаланың тұрғындары өлтіруі мүмкін. Қала басшысы өз көлігімен кетіп бара жатқан кезде белгісіз біреулер оны атып тастапты. Полицейлер оқиға болған жерден бес оқтың гильзаларын тапты. Қылмыстың қалай болғаны әлі белгісіз.

Айта кетейік, соңғы екі аптада Мексикада осымен үшінші мэр өлтірілді.

25 шілде күні суық қаруланған бірнеше адам Пунгарабато қаласының мэрі Амбросио Сото Дуартені өз көлігінде отырған жерінде атып өлтірген болатын. Сонымен қатар, қала басшысын күзеткен екі полиция қызметкері ауыр жараланды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мэрді атқан жергілікті наркокартельдің өкілдері болуы мүмкін.

Ал, 24 шілдеде Чьяпас штатының тұрғындары Сан-Хуан-Чамула қалашығының басшысын өлтіріп тастады. Олар мэрдің жұмысына көңілі толмайтынын айтып, қаланың бас алаңында Доминго Лопес Гонсалесті атып салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары