$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттегі мүгедек қызды зорлау ісі: орталықтағы қыздар жылдар бойы зорланған болуы мүмкін (ВИДЕО)

Бейресми ақпарат көздерінің айтуынша, дәл осы мектеп-интернатында аталмыш жағдай 2010 жылдан бері жалғасып келе жатқан көрінеді.

Шымкенттің полицейлері мүгедек қыздармен жыныстық қатынасқа түсуі мүмкін деген күдікпен бір топ ер адамнан жауап алып жатыр. Бұған науқас қыздың анасының шағымы негіз болған. Жалғызбасты ана Әлия Мамутованың сөзінше, №2-ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ем қабылдап жатқан жарымжан перзентіне орталық қызметкерлері спираль салған көрінеді. Және оны жылдар бойы зорлап келген деп отыр. Ол тіпті, бұл жөнінде тиісті органдарға шағымданғанымен, әлі күнге нақты шешім қабылдамай жатқанына наразы.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Осы жазда бір ағай врач, бір апай врач менің осы уколдан кейін саған салмаймыз, бір ақ рет саламыз деп спираль деген укол салып қойды мына жағыма деп сұқ саусағын көрсетті".
Видеода сөйлеп тұрған Әлия Мамутованың сөзінше, 1992-ші жылы туған қызын Шымкенттегі №2-ші әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері жылдар бойы зорлап келіпті. Және олар бұл қылмысын жасыру үшін қыз балаға спираль салып қойғанын айтады.

Әлия Мамутова, науқас қыздың анасы:

Бұлар кімнен екіқабат болып қалады? Қалай екіқабат болып қалады? Неге бұлар спираль салады жарысып? Не үшін салады спиральді? Біз неге білмейміз? Ана 43 қыздың ата анасы да білмейді, ешқайсысы. Ешкім естіген жоқ. Мен егер қызым айтпағанда арман қарай да білмей отыра беретін едім.

Осы жағдайдан кейін Әлия Мамутова орталықтағы психологпен сөйлескенде, рас екенін және одан бөлек, тағы 43 қызға спираль салынғанын естіп-біліпті. Егер жүктіліктен осылайша қорғанбасақ, бұлар екіқабат болып қала береді дегенде үстіме мұздай су құйып жібергендей болды дейді. Сөйтіп, полицияға арыз жазған. Содан бері арада 3 ай өтті, оңды жауап жоқ дейді ол.

Бейресми ақпарат көздерінің айтуынша, дәл осы мектеп-интернатында аталмыш жағдай 2010 жылдан бері жалғасып келе жатқан көрінеді. Бір қызығы, осыншама жылдар бойы тәртіп сақшылары бірде-бір күдіктіні не сезіктіні ұстамағаны түсініксіз. Содықтан, қазір полицейлер 2010 жылдан бері осы жерде жұмыс істеп кеткен және қызмет етіп жүрген барлық қызметкерлері шетінен тергеп жатқан көрінеді".

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі:

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның қызына қатысты заңсыз әрекеттер жасалғаны туралы арызы бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен (бірнеше рет жасалған зорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғастыруда. Тергеумен тиісті сараптамалар және бірқатар тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеу аясында мекемеде жұмыс істейтін барлық ер адамдар мен 2010 жылдан бері жұмыс істеген азаматтардан жауап алынуда.

Әлеуметтік қызметтер орталығына барғанымен, басшысын орнынан таба алмадық. Полиция департаменті шақыртыпты. Оның үстіне, жабық жағдайдағы мекеме әрі карантин талаптарын сақтау үшін ішке кіруге рұқсат жоқ. Сонда да, осында қызмет ететін маманның бірі қысқаша былай деп жауап берді.

Айтылған нәрсе бойынша, қаншалықты ақпараттың рас-жалған екенін айтып отырмын ғой, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы күні арнаулы мекемеде 240 адам емделіп жатыр. Оның тең жартысы қыз балалар мен әйелдер екен. 2018 жылдан бері Шымкент қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қарамағында. Басқарма мамандарының сөзінше, мұнда жатыр қуысына енгізілетін ішілік құрал қыз балаларға емес, тек, әйел азаматшаларға ғана салынады екен. Ол үшін Денсаулық сақтау миистрлгінінің арнайы бұйрығы да бар көрінеді. Ал, шағымданушы Әлия Мамутованың перзентіне алғаш емес, екіншісі алмастырылыпты.

Ботагөз Оспанова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы:

Өйткені, өздері психоневрологиялық ауытқуы бар. Ол адамды игере алмайды. Жаңағы толық оған жағдайын қамтамасыз ете алмайды. Әрекетке қабілетсіз болғаннан кейін, сондай жағдай. Өзі Денсаулық сақтау министрлгінінің бұйрығымен бекітілген.

Ата-ананың шағымынан кейін, орталықтағы қыз балалар мен әйелдерді түгел тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Қорытындысы жақын күндері белгілі болады. Ал, қызымды зорлады деген Әлия Мамутова енді кінәлілерді тауып, жауапқа тартуды көздеп жүр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары