Алексей Навальныйдың аймақтардағы штабтарының жетекшісі Леонид Волков саясаткерді тұтқыннан босату үшін жаңа акция басталғанын жариялады. Наразылық акциялары 31 қаңтарда "Ресейдің барлық қаласында" өтеді деп жазды Волков.
Неге жексенбі, 31 қаңтар? Себебі 2 ақпанда Алексейдің соты болады. Сот жақындағанда біздің талабымыз өктем шығады. Ал Мәскеуде, әлбетте, 2 ақпанда сотқа келу керек, – деп жазды Волков.
"Қайда бару керек? Штаб бар қалалардағы азаматтарға маршрутты алдын ала ұсынамыз. Штаб жоқ елді мекендерде маршрут ұйымдастыруға көмектесеміз", - дейді ол.
Волков Мәскеуде жиналатын орын бөлек хабарланатынын ескертті, деп жазады centralasian.org.
23 қаңтарда Навальныйды қорғау наразылық акциясын 100 мыңнан астам адам қатысты. Навальный штабындағылар 250 мың адам жиналғанын айтты. Шамамен 3,5 мың адам ұсталды. Акция билік келісімінсіз өтті. Ол Ресейдің жүзден астам қаласында өтті.
Мәліметтерге қарағанда, Мәскеудегі акция кезінде 1455 адам ұсталған.
Бізге әзірге Путиннің отыра бергені тиімді. Ресейді әбден ыдыратсын
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Геленджиктегі сарай кәсіпкерлерге тиесілі екенін, Кремль оны жарияламайтынын" мәлімдеді.
Президент Владимир Путин бірер күн бұрын ғана сарай не өзіне, не туыстарына, не жақындарына тиесілі емес екенін айтқан.
Путиннің баспасөз хатшысы Песков болса, сарайдың иесі кәсіпкерлер деді.
"Кремль сарай қожайындарының аты-жөндерін айтпайды. Бұл дұрыс емес", - деді журналистерге берген сұқбатында.