$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы қыз аман-есен табылды

1 тамыз күні үйінен шығып, сол күйі оралмаған 18 жастағы Жұлдыз Ерманова аман-есен табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектепті биыл бітірген бойжеткен кешкі алтылар шамасында үйінен шығып, мүлдем хабарсыз кеткен. Оны туған-туыстары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы іздеді.

"1998 жылы туған Жұлдыз Ерманованы іздеу мақсатында құрылған шұғыл іздеу тобының қолға алған шаралары барысында қыздың қайда екені анықталды. Ол қазір сұрақтарға жауап беріп жатыр. Бойжеткен үйінен өз еркімен кетіп қалған. Оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Алмалы аудандық ІІБ басшысының міндетін атқарушы Рустам Әбдірахманов.

Айта кетейік, Жұлдыз Ерманованы тәртіп сақшыларымен бірге ондаған ерікті азамат іздеді. Оның туыстары полиция бөліміне 2 тамыз күні сағат 12:00 шамасында арызданған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары