$ 447.4  477.55  4.76

Жұлдыз Ерманованы ғашық жігіт алып қашқаны белгілі болды

Алматыда 1 тамыз күні жоғалып, бүгін табылған Жұлдыз Ерманованы сыртынан ғашық болған жігіттердің бірі алып қашқан. Бұл туралы Жұлдыздың әпкесі Ақшолпан Ерманова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, қоғамда шу туындағаннан қорыққан жігіт пен оның туыстары қызды қайтарып берген.

"Қоғамда үлкен шу туған соң, БАҚ өкілдері жазғаннан кейін алып қашушылар қорқып, қызды жіберді. Біз алып қашқан адамды танимыз. Ол жігіт сырттай ғашық болып, осылайша үйленгісі келген екен", - деп жазды Ақшолпан Ерманова.

Туыстарының айтуынша, олар алып қашқан жігіттің үстінен полицияға арызданбайды. Бастысы қызымыз дін-аман дейді олар.

Естеріңізге салайық, Жұлдыз Ерманова 1 тамыз күні кешкі сағат алтылар шамасында үйінен шығып, сол күйі оралмаған. Туыстары оны түнімен өздері іздеп, нәтиже шықпаған соң келесі күні полицияға арызданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары