$ 498.34  519.72  4.85

«Ислам мемлекеті» 1,5 мыңдай кішкентай баланы жанкешті етіп тәрбиелеген

«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары 1,4-ден астам кішкентай баланы жанкешті етіп тәрбиелеп шығарды. Олар алдағы уақытта өздерін жарып, теракітлер жасау үшін қажет деп хабарлады Ирактағы Күрдістанның басшылары. "Шаһидке" айналған балалардың басым көпшілігі күрд езидтері. Бұл туралы РИА Новости агенттігі жазды.

Ирактың ұрланған езидтер бойынша құрылған басқармасы мынадай мәліметтерді ұсынып отыр: соңғы екі жылда 2,6 мың күрд езидтері кепілдіктен босатылған. Дегенмен, лаңкестер қолында тағы 3,7 мың езид кепілде отыр. Сонымен қатар, лаңкестердің қолынан өлген езидтердің 33 моласы табылған.

Бүгінде Ирактағы Синджар қаласының «Ислам мемлекеті» ұйымының бақылауына өткеніне екі жыл болды. Мұнда негізінен күрд езидтері қоныстанған. Қаланы басып алған содырлар мыңдаған адамды өлтіріп, әйелдерін құлдыққа алды. Қыз-келіншектердің көбі жезөкшелікке салынған.

Reuters агенттігінің мәліметінше, «Ислам мемлекеті» 2015 жылы өз қатарларына 2 мыңда жеткіншек баланы қосып алған. Олардың елуі арнайы лагерьде оқудан өтіп, лаңкестік кезінде өздерін жарып өлтірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары