$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда екі мопед апаты 4 адамның қазасына әкелді

Кеше түнде Алматыда ірі екі жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан төрт адам көз жұмды. Екі апат та мопед жүргізушілерінің қатысуымен орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы оқиға Рысқұлов даңғылының бойында тіркелді. Белгілі болғандай, «Мерседес» пен мопед бір бағытта жүріп бара жатқан: автокөлік жолдың сол жағымен, мопед ортаңғы жолақпен. Мопед жүргізушісі тізгінді солға қарай бұрған сәтте «Мерседес» жүргізушісі тоқтап үлгермей, оны соғып құлатқан. Салдарынан мопед жүргізушісі қайтыс болды.

Шамамен осы уақытта Рысқұлов пен Сүйінбай көшелерінің қиылысында тағы бір мопед жүргізушісі мен екі азамат жол апатынан көз жұмды. Куәгерлердің айтуынша, ол тізгінге ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып, жиегіндегі бетонға, кейін бағанаға соқтығысқан. Қазір жол сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары