$ 448.89  477.93  4.76

Қызылордада күдікті емін-еркін түрмені аралап, жататын орнын таңдап жүр (ВИДЕО)

Облыстық Полиция департаменті бұл фактіні растамаған, тіпті жоққа да шығармаған.

Қазнетте абақтыда отыратын камерасын таңдап жүрген күдіктінің видеосы тарап, көпшіліктің ашуын келтірді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Көпшілік мұны Қызылорда қаласындағы Уақытша ұстау абақтысында болғанын айтуда.

Телеарнаның хабарлауынша, желіні шулатқан видеодан полиция қызметкерінің қасындағы күдіктінің емін-еркін абақты камераларын аралап, отыратын жерін таңдап жүргенін байқауға болады. Желі қолданушылардың сөзіне сенсек, бұл адам осыдан аз уақыт бұрын Қылмыстық кодекстің "Пара алу" бабы бойынша қамауға алынған қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болуы мүмкін.

Облыстық Полиция департаменті бұл фактіні растамаған, тіпті жоққа да шығармаған. Қазір зерттеп-зерделеу жұмыстары басталып кеткенін ғана жазбаша түрде хабарлаған.

"Қазіргі уақытта жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеуді бастады. Бейнежазбаның шығу дерегі зерделенуде", - дейді Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Шамшидин Амитов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары