Жаңалықтар 31.01.2021 сағат 18:10

«Спорт кешендерін ұтымды пайдалану қажет» - Алтай Көлгінов

Әкімнің айтуынша спортшылар үшін де, балалар үшін де жағдай жасау үшін бірқатар спорт нысандары жөнделген.
«Спорт кешендерін ұтымды пайдалану қажет» - Алтай Көлгінов
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Астана Арена" стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Елорда әкімі бұл жайлы Instagram парақшасында жазды. 

«Қала тұрғындарын спортқа бейімдеп, бұқаралық спортты дамыту үшін саябақтар, скверлер, аулалар, жаңа спорт кешендерін саламыз. Спорт кластері пайда болмақ. Спорт мекемелері тек кәсіби ойындар мен қойылымдарды өткізуге ғана емес, сонымен қатар балаларымызды жаттықтыруға да керек. Бұл жастарды ынталандырады. Өйткені, олар белгілі спортшылар жаттығатын кәсіби алаңда жаттығып, одан да көп тырыспақ», - дейді әкім.

Әкімнің айтуынша спортшылар үшін де, балалар үшін де жағдай жасау үшін бірқатар спорт нысандары жөнделіп, "Астана Арена" стадионында өткізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

"Астана Арена" стадионында футбол алаңы ауыстырылды - енді ол FIFA стандарттарына сәйкес келеді, дренаждық жүйе, ирригациялық жүйе жаңартылды (бұрын алаңды шлангпен суаратын), сондай-ақ, киім шешетін бөлмелерге ағымдық жөндеу жүргізілді.

«Тағы бір маңызды мәселе - спорт мекемелерінің бос орындарын ұтымды пайдалану. "Астана Арена" стадионы базасында жауынгерлік өнер залы ашылды. Онда спорттың 8 түрі дамиды: панкратион, джиу-джитсу, самбо, каратэ, күрес, кикбоксинг және т. б.

Сонымен қатар, үрлемелі футбол корты жөнделді (Жирентаев көшесі, 15, Б, Алматы ауданы). Онда біз көптен бері жарамсыз болып қалған футбол алаңы мен манежді толығымен алмастырдық. Сондай-ақ, киім ауыстыратын бөлмелер мен ғимарат ағымдық жөндеуден өтті», - деп жазады Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар, велоспорт бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне және атыс командасына қосымша жабдықтар берілді.

«Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, федерацияларды одан әрі қолдап, қала тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту үшін жағдай жасайтын боламыз», - деді әкім.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар