$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы Михаил Дорофеевтің жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Ол Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды.
фото: ZTB.kz
фото: ZTB.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі қазақстандық журналист, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет-порталының бас редакторы Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Elbasy.kz.

«Ол үлкен жұмыс тәжірибесі бар өз ісінің кәсіпқой маманы еді. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жаңа сапа стандарттары мен кәсібилікті енгізуге ықпал етті», – делінген жеделхатта.

Тағы оқи отырыңыз: Қазақстандық танымал журналист Михаил Дорофеев қайтыс болды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары