$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бір айда карантин талаптарын бұзушыларға 20 миллионнан астам айыппұл салынды

Бірнеше рет карантин талаптарын бұзып келген екі кафенің қызметі сот шешімімен бір айға тоқтатылды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Алматы қаласында қаңтар айында карантин бұзушыларға 20 миллионнан астам айыппұл салынды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Мониторинг топтары үш мыңға жуық кафе, барлар, мейрамханалар, компьютерлік клубтар мен караокелерді тексерді. Олардың 216-ында биліктің карантинді сақтау жөніндегі нұсқамалары сақталмаған. Тек екі күннің ішінде (28-29 қаңтар) 50-ге жуық әкімшілік хаттама толтырылды. 

Құқық бұзған мекемелер: "Жақсылық" кафесі, "Кәуап орталығы" кафелері, "Шамо" бильярд клубында, "Финик" мейрамханасында, "Fizika" түнгі клубында, "Boohouse" кафесінде, "Пират" кафесінде, "Менің арманымдағы балық" караоке-барында, "Виктория" Бинго клубында, "Манана", "Пугасов" мейрамханаларында, "Пират" кафесінде, "Бармаглот" барында, "БекАр" ойын клубында, "БекАр" мейрамхана қонақ үй кешенінде анықталды "Erbil" және бірнеше компьютерлік клубтар да тіркелді. 

Бірнеше рет карантин талаптарын бұзып келген екі кафенің қызметі сот шешімімен бір айға тоқтатылды. Олар  "Премьера" және "Таужолы"кафелері. Сондай-ақ, аталған мекемелердің иелері 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеулері тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары