Мәскеуде полиция Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальнаяны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Подъем" Telegram-каналы Юлия Навальнаяның келісілмеген акция кезінде ұсталғанын нақтылады. Арасында Навальная бар бір топ адам "Матросская тишина" тергеу изоляторына қарай бара жатқанын жазды. DW.com мәліметінше, Мәскеудегі акцияға 2 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Ресей ІІМ мәскеулік департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство қызметкерлері бұл санаққа акция кезінде қызмет бабымен жүрген журналистерді де қосқан. Сондай-ақ бұл - Мәскеу уақыты бойынша сағат 14.30-дағы көрсеткіш. "ОВД-Инфо" құқық қорғау интернет-порталының хабарына қарағанда, Ресейде наразылық акцияларында ұсталғандар саны 2291-ге жетті, Мәскеуде - 520, Владивостокта - 120, Санкт-Петербургте - 242.