$ 444.22  476.38  4.82

Жазушы Әнес Сарай Ұлттық пантеонға жерленетін болды

Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті.

Мемлекет басшысы жазушы, драматург Әнес Сарайдың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы президентттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады

«Көрнекті жазушы, ақын, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Төлендіұлы Сарайдың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Қарымды қаламгер республикалық газеттер мен баспада және Қазақстан Жазушылар одағында еңбек сіңірді. Ұзақ жылғы шығармашылық жолында тарихи, әдеби-зерттеу туындыларын тарту етті. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Тағы оқи отырыңыз: Президент пен оның отбасы мүшелері Ұлттық пантеонға жерленеді

«Ұлттық пантеонда жерленгім келеді» - Арыстанбек Мұхамедиұлы (ВИДЕО)

Астанадағы пантеон мұсылмандар мен христиандардың араздығын тудыруы мүмкін

Жазушы, драматург Әнес Сарай Ұлттық пантеонға жерленетін болды.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі жазушы Әнес Сарайдың қайтыс болғаны туралы кеше хабарлағанбыз

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары