$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда блогерлер өткізбек болған ұтыстың соңы тәртіпсіздікке ұласты (ВИДЕО)

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жағдайға түсініктеме берді.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтанда ұтыс ойынының кесірінен ұзын-сонар кептеліс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде бір топ адамның гүл сататын дүкенде жиналып, ұтыс ойынына қатысып жатқаны туралы видео тарады.  

Алайда артынша ұйымдастырушылар ұтыс ойынын тоқтатып, адамдардың тарауын сұраған. 

"Адам көп жиналғандықтан аппаратураларда техникалық ақау болды. Өкінішке қарай, ұтыс ойынын жалғастыра алмадық. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ұтыс ойыны міндетті түрде болады. Шарттарын жақын арада түсіндіреміз", - деді ұйымдастырушылар. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жағдайға түсініктеме берді.

"2021 жылы 7 ақпанда Есіл ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі мамандарының мониторингтік тобы Нұр-Сұлтан қаласында екі мыңнан аса адам жаппай іс-шара өткізіп, Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қолданыстағы қаулысының бұзылу дерегін анықтады (гүл дүкенін ашылуына байланысты ұтыс ойнату)", - деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ержан Байтанаев үйлестіру орталығының мәліметіне сәйкес, Есіл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жоспардан тыс тексеріс жасағанын хабарлады.

"Тексеру барысында заңбұзушылық дерегі расталды және кәсіпкерлік субъектісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының, 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылдау үшін 8 ақпанда басқармаға келу туралы шақыру қағазы берілді. Жоспардан тыс тексеру барысында нысан әкімшілігімен және ұтыс ойынына қатысушылармен қаулы талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді Байтанаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары