$ 444.22  476.38  4.82

Мұхаммед Әлиді жеңген әлем чемпионы көз жұмды

Спинкстер отбасы – АҚШ-тағы аса танымал боксшылар әулеті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Леон Спинкс АҚШ-та 67 жасында қайтыс болды. Ол кезінде әйгілі Мұхаммед Әлиді жеңген еді

Боксшы жұма күні Лас-Вегас қаласында дүниеден озды. Ол бес жыл бойы қатерлік ісікпен күрескен, деп хабарлады РИА Новости KSNV телеарнасына сілтеме жасап.

"Леон көптеген дертке қарсы тұрды, оның жүзінен ешқашан күлкі кеткен емес. Ол нағыз Спинкстерге тән мінезді көрсетіп, ешқашан орамалды тастаған емес (бокста орамалды рингке тастау жеңілісті мойындау болып табылады - ред.)", - деді боксшының әйелі.

Спинкстер отбасы – АҚШ-тағы аса танымал боксшылар әулеті. Оның негізін қалаған Леон мен Майкл 1970-80-жылдары әлем чемпионы болды. Леон 1978 жылы Мұхаммед Әлиді жеңіп, WBC және WBA титулдарын иеленген еді. Бірақ бұл титулдың қуанышын ол жеті ай ғана көрді. Реванш жекпе-жекте Әли оны қайтарып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары