$ 494.87  520.65  4.91

Хирургтардың қателігінен науқас 7 жылда 6 рет пышаққа түскен

Дәрігерлердің салғырттығынан зардап шектім деген Бақытжан Нұрғызова халықтан көмек сұрайды. Соқыр ішегіне ота жасаған хирургтар оның ішіне қайшы қалдырып кеткен. Кейін, қайтара операция жасап, қайшыны алып тастаған, деп хабарлайды «Жетінші» арна.

Бұл ― 1997-ші жылы болған оқиға. Алайда, соның салдарынан ауруы асқынып, әйелге осы уақытқа дейін алты мәрте пышаққа түсуге тура келген. Енді ол Германияға барып, жалпы құны 50 мың доллар болатын операция жасатуды жоспарлап отыр.

Бақытжанның пайымдауынша, сол күні дәрігерлер операцияны ішімдік ішіп жасаған.

― Мен ойлаймын, олар 1 май мерекесіне орай ішімдік ішкен. Өйткені, олар көп ойланды, алайық па операцияға алмайық па деп. Мен есімнен адасқан кезде ғана алды операцияға, ― дейді Бақытжан Нұрғызова.

«48 жастағы Бақытжан 1997 жылдан бастап 6 мәрте пышаққа түскен. Ішкі органдарымның сау-тамтығы қалмады деп отыр. Соңғы рет өкпесінің бір бөлігін алып тастапты. Қазір қан түкіріп жүр. «Отандық оташылардан қайран болмады, енді шетелге барудан басқа амал жоқ», дейді ол. Ал, оған қаражат қолбайлау. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай дерті барларға квота берілмейтіндігін түсіндірген», делінген телеарна сюжетінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары