$ 494.87  520.65  4.91

Үй бағасы шарықтап барады

Астанадағы екінші нарықтағы үйдің бағасы бір айда 10,4, ал бір жылда 23,2 процентке көтерілген.
фото: matritca.kz
фото: matritca.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша қазір елде баспананың бір шаршы метрінің бағасы – 244 мың теңгенің шамасында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 17,9 процентке көп.

Бағаның шарықтауы Батыс Қазақстан облысында тіркелді. Оралда жылжымайтын мүлік өткен айда 32, ал бір жылда 65 процентке қымбаттаған. Түркістанда да баға 20 процентке өскен. Ел астанасында екінші нарықтағы үйдің бағасы бір айда 10,4, ал бір жылда 23,2 процентке көтерілген. Ал Алматы мен Шымкент қалаларында баспана қаңтармен салыстырғанда шамамен 3 процентке қымбаттаған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары