Шымкентте кеше өзін өртеп жіберген 45 жастағы әйел ауруханада жатып қайтыс болды. Оқиға күндіз, қала орталығындағы Абай саябағында көпшіліктің көзінше орын алған.
Дәрігерлердің айтуынша, науқас денесінің 55 пайызын күйік шалған. Түнде ол есін жимаған күйі қайтыс болыпты.
«Әйелдің жарақаты тым ауыр. Әсіресе ,денесінің жоғарғы бөлігі қатты күйген. Ауруханаға түскенде ол сөйлей алған жоқ», - дейді дәрігерлер.
Полицейлердің айтуынша, қайтыс болған әйелді мұндай жайтқа не итермелегені белгісіз. Белгілісі, ол базарда сауда жасаумен айналысқан. Тұрмыс құрмаған, бала-шағасы жоқ. Ата-анасымен бірге тұрған екен.
Қазіргі таңда бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.