$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда сүт бағасы 20 пайызға арзандайды

Алдағы үш жыл көлемінде Қазақстандағы сүт бағасы біршама арзандайтын болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады деп жазады Informburo.kz.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, еліміздегі сүт өнімдерін шығаратын зауыттардың басым көпшілігі шикізат ретінде құрғақ сүт ұнтағын қолданады екен. Ал, өнімнің бағасына кәсіпорындардың толыққанды жұмыс істемеуі әсер етіп келген.

"Барлық сүт зауыттары толық күшімен жұмыс істемейді. Тиісінше, олардың шығындары да көп. Шығынды өтеу үшін олар сүт бағасын көтереді. Ал, біз зауыттардың бар қуаттылығын арттыра отырып, өнімнің құнын 20 пайызға дейін арзандата аламыз. Сонымен қатар, кәсіпорындардың барлығыны табиғи шикізатты пайдалануға көшеді. Қазір табиғи сүт жетіспегендіктен зауыттар құрғақ ұнтақ пайдаланып жүр", - дейді ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов.

Оның айтуынша, сүт өндірушілеріне мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелер берілетін болады. Бұл қаражатқа кәсіпкерлер сүт қабылдайтын арнайы орындар ашып, сүт тасымалдайтын көліктер сатып алуы тиіс.

Қазіргі таңда Қазақстанда барлығы 152 сүт өндейтін зауыт бар. Олардың 90-ы шикізатты ауыл тұрғындарынан сатып алады. Қалғандары ұнтақталған құрғақ сүтті пайдалануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары