$ 498.34  519.72  4.85

«Ислам мемлекеті» жазалаудың жаңа түрін ойлап тапты

Сирия мен Ирактағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары қатыгездікпен жазалаудың жаңа түрін ойлап тапты. Бұл әдісті олар ұйым сапынан қашып кетпек болғандарға қолданады. Бұл туралы бүгін The Daily Express басылымы хабарлады.

Ұйымға мүшеліктен бас тартқандардың қолдарын байлап, бірнешеуін бір көліктің ішіне қамайды. Есік-терезесін бекітіп, көліктің қозғалтқышынан шығатын улы түтінді сыртқа емес, салонға жібереді. Салдарынан, іштегі адамдар қара түтінге тұншығып, демігіп өледі.

Басылымның хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» басшыларының соңғы уақытта ойлап тапқан жазалау әдістері тым қатыгезденіп кеткен. Мәселен, биыл мамыр айында өз жұмысын тиісті деңгейде атқара алмаған командирлерді олар тірідей итке талатыпты.

Сондай-ақ, мамыр айының басында содырлар 25 адамды азот қышқылы тола үлкен ыдысқа салып өлтірген. Ал, осыдан бір апта бұрын «Ислам мемлекетін» тастап кетпек болған 35 адамның тірідей көмілгені белгілі болды.

Айта кетейік, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына Қазақстанда тыйым салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары