$ 494.87  520.65  4.91

БҚО-да ер адам әйелін алты жыл бойы азаптаған

Полицей әйелін соққыға жығып, артынша оны оқиғаны жариялағаны үшін сотқа берген.
Фото: uralskweek.kz
Фото: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысында бұрынғы полицей әйелін соққыға жығып, артынша оны оқиғаны жариялағаны үшін сотқа берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Әсел

Сурет: uralskweek.kz

Әсел Алқанова есімді келіншек алты жыл бойы күйеуі Хайдар Жексеновтен қорлық көріп келгенін басылымға айтып берген. Мұны білген ер азамат жұбайын оқиғаны жариялағаны үшін сотқа беріп, бір миллион теңге талап етіп отыр. 

Бұған қоса, әйелін азаптаған ер адам басылымның үстінен де арыз түсірген. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымы соттың қарсаңында бір-ақ білген. 

Сот ісімен танысқан судья басылымға қатысты шағымды қараусыз қалдырған. Ал Әсел Алқанованың ісі сотта жалғасын таппақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары