$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда «массаж қызметін ұсынатын қыздар» ұсталды (ВИДЕО)

Қыздар арасында көрші республикалардың әйелдері де "жұмыс істеді".

Медеу ауданында массаж салонының атын жамылып, интим қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Мекемеде жұмыс істейтін қыздар массаж қызметінен бөлек өз клиенттеріне қосымша жеке қызметтер көрсеткен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полицейлері тағы бір жезөкшелер үйін анықтады.

"Әкімнің тұрғындармен кездесуінде аудан тұрғындары түнгі уақытта жұмыс істейтін жеке кеңсеге шағымданды. Жедел-алдын алу іс-шаралары барысында мекен-жайдағы массаж салоны тексерілді. Тұрғындардың күдіктері дәлелді болып шықты - мекемеде жезөкшелер үйі орналасқан, онда жеңіл жүрісті 11 қыз анықталды. Сондай-ақ, әкімшілік өкілдері мен жұмысшы персонал аудандық басқармаға жеткізілді.

Қыздар арасында көрші республикалардың әйелдері де "жұмыс істеді". Ұсталғандардың бірі, 32 жастағы Ресей Федерациясының азаматы, оның ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотталығы бар", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров.

Барлық "жеңіл жүрісті" қызға әкімшілік жазалау хаттамасы жасалды. Интим қызметтерді ұсынуға мекемені жалға берген үй иесі де тексеріледі. Ол ҚР-ның заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары